Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекесінің өндірістік аймағында кәсіпкерлер ісін домалатып келеді. Соның бірі Жеке кәсіпкер «Әділет».
2019 жылдан бері ЖК «Әділет»-тің кірпіш зауыты жұмыс жасауда. Бұл мекемедегі жазасын өтеуші азаматтардың 58-ін жұмыспен қамтып отыр. Жұмыспен қамти отырып жеке кәсіпкер құрылыс саласында сұранысқа ие өнімдерді нарыққа шығаруда. Оның ішінде табиғи газбен күйдіріліп өндірілетін қыш, қам кесек, пескоблок өнімдері бар. Сотталушылар Зауытта күніне 3000 қам кесек өнімін шығарса, 72 сағат ішінде пеште күйдіру арқылы 70000 дейін күйдірілген кірпіш алады.
– Өндіріс орнында 40 сағаттық жұмыс режимі сақталған және белгіленген еңбекақысында алып отырады. Мұндай еңбек ету алдағы уақытта сотталушылардың жаза мерзімі аяқталған соң, қоғамға тез бейімделіп кетуіне оң ықпалын тигізеді, – дейді Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы, әділет майоры А.Абдреймова.



Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!