Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу изоляторында теолог маманының ұйымдастыруымен оқшауланған аймаққа қалдырылған сотталған азаматтар арасында тенис ойыны ұйымдастырылды.
Негізгі шараның басты мақсаты жат ағымның соңынан ерген жазасын өтеушілер жаңа өмірге деген көз қарасын қайта бейімдеп, ойларын жақсы жағынан өзгерту болып табылады.
Сонымен қатар, тенис ойынын ойнап бәсекелестікке түскен жазасын өтеуші азаматтарға Хазірет Әли мешітінің имамы Төлегенов Талғат дін тақырыбындағы бірнеше кітаптарды сыйға тарту етті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!