Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 60 мемлекеттік мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жазасын өтеушілер арасында наурыз мерекесіне орай спорттық іс-шара өткізілді.

Жазасын өтеуші азаматтар арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру, ләңгі тебу бойынша сайысқа түсті.

Жазасын өтеушілер ұлттық ойындардан сайысқа түсті

«Бүгін жазасын өтеушілер арасында ұлттық спорт түрлерін дәріптеп, оларды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының маманы шақырылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтуде. Бұл жерде әр жасақтан топ құралып, қатысушылар бар ерік-жігерлерін жинап, күш сынасып жатқанын байқауға болады», – деді тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы, аға лейтенант Бақдәулет Мырзахан.

Сайыс нәтижесі бойынша «гір тасын көтеруден» І орын алған жазасын өтеуші 43 рет көтерсе, “ләңгіні” 71 рет тепкен қатысушы алдыңғы қатардан көрініп, “арқан тартыс” сайысы бойынша 5 “В” жасағы, қол күрестен “А” есімді сотталған үздік деп танылды. Шара соңында жүлделі сыйлықтар табысталып, әр қатысушы алғыс хатпен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!