Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 109 бабына сәйкес сотталған азаматтың мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларына сай аптасына бір рет,әрқайсысының ұзақтығы 15 минут таксофон аппараты арқылы жақындарымен сөйлесуге құқығы бар.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің әкімшілігі сотталған азаматтың әлеуметтік байланыста болуын қолдау үшін мекеменің тұрмыстық аймағына жиырмаға жуық таксофон аппараты пайдалануға рұксат берілген.
Сотталған азаматтың айтуынша бұл таксофон аппараты анасымен байланысуына мүмкіндік жасауда.
Жаза мерзімімді осы мекемеде өтеп жатқаныма 10 жылдан асты. Бостандықта мені күтіп отырған егде жастағы жалғызбасты анам бар. Оның да Арал ауданында тұруына байланысты қысқа мерзімді кездесу мүмкіндігі сирек туындайды. Сол себепті анамның амандығын осы таксофонмен байланысу арқылы біліп отырамын. Бұл мен секілді қаладан жырақ тұратындар үшін өте маңызды. Анамның дәрі-дәрмегіне ақша жіберіп, онымен байланысып тұру ақысын төлеу үшін мекеменің өндірістік аймағында кірпіш өндіруші болып жұмыс жасаймын. Қалған азын-аулақ жалақыма мекеме дүкенінен керек-жарағымды аламын, – деді жазасын өтеуші азамат.
Мекеменің жедел бөлімінің бастығы Идирисов Шаттык Жанболатұлының айтуы бойынша таксофон аппараты арқылы сөйлесу ақысы сотталғандардың немесе олардың жұбайының, жақын туысының жеке қаражатынан төленеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!