Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-ақару жүйесі департаментінің №60 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлының төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заң және жол жүру ережелеріне жеке құрам қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары бойынша семинар кеңес өтті.
Семинардың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерге жол бермеу. Қызметте және қызметтен тыс уақытта жол жүрісі қағидаларын сақтау және жол жүрісіне қатысушылардың негізгі құқықтары мен міндеттеріне мұқият болуы, лудомания құмар ойындардың алдын алу.

Кеңеске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамені превенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқыз, жергілікті полиция қызметі басқармасының ППБ Рота командирі полиция майоры Аңламасов Орынбасар Олжабайұлы, ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы тобының бас маманы әділет майоры Беркінбеков Әлішер Жақсылықұлы арнайы қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті превенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар кеңеске дайындаған видео роликтерден үзінді көрсетіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туарлы заңды кеңінен түсіндіріп өтті. Өз кезегінде ППБ Рота командирі полиция майоры О.О.Аңламасов жол жүру ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД тәрбе және кадр жұмысы тобының бас маманы әділет майоры Ә.Ж.Беркінбаев «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ құмар ойындардан ерікті шектеу функциясын іске қосқанын атап өтті.
№60 мекеме баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!