Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік қызметінің жоспарына сәйкес, мекеме қызметкерлерінің арасында жол көлік оқиғаларын азайту және болдырмау, автокөлік тәртібін күшейту мен тұрақтандыру мақсатында ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік тобы қызметкері М.Насреддин мен Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ППб инспекторлары №60 мекеме қызметкерлерінің жеке автокөлігінің көлік құралдарын басқаруға құқық белгілейтін құжаттардың сәйкестігіне, техникалық байқау мерзімдеріне, азаматтық-құқықтық жауапкершілік полисіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында мекеме қызметкерерінің жеке автокөлік құжаттарының түгелдігіне көз жеткізілді. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне көлік құралдарын басқару кезінде жіберілген механикалық зақымданулар төтенше жағдайлар ретінде қарастырылатыны ескертілді.
Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!