Әлеуметтік желі қолданушылары контейнерлерден салынған «қолжетімді баспананы» сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеодан бір-бірінің үстіне қойылған контейнерлерді көруге болады. Мұны алыстан көргендер тұрғын үй кешенімен де шатастыруы мүмкін. 

Видео авторы бұл құрылысты «қолжетімді баспана» деп атаған. Желі қолданушылары да автордың сөзін құптады. 

«Ең сенімді тұрғын үй кешені», «Темір сити», «Лего сити», «Қолжетімді баспана», – деп пікір қалдырды Қазнет қолданушылары. 

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы аталған нысанның өндірістік-қойма үй-жайлары мен гараждарды пайдалану және оларға қызмет көрсетуге арналғанын мәлімдеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!