Атырау облысында жастардың жаппай жаға жыртысып жатқан видеосы тарады. Бейнежазба Құлсары қаласында түсірілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Stan.kz тілшісі облыстық полиция департаментінен оқиғаның мән-жайын білді. 

«5 қыркүйек күні сағат 22:20 шамасында Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жанында топтасқан адамдардың төбелескені анықталып, жергілікті полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде барлық қатысушылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша тергеу басталды. Дене жарақатын алғандар және ауруханаға жеткізілгендер жоқ» дейді департаменттің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!