SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде жүктеген суреті үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Атырау облыстық сотынан жазғандай, қаланың әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы («Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу») бойынша істі қарады.

Атырау тұрғыны ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті көпшілікке жариялап, осы бапты бұзған.

«А.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдары, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, сарапшының қорытындысы, әңгімелесу хаттамасымен расталды», – делінген сот хабарламасында. Әйелге 129 мың 220 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!