Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – өзекті мәселе. Ал мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету күн тәртібінен тыс қалмауы қажет. Сол арқылы қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімі нығаяды.
Елімізде де мұндай мәселе жоқ деп айта алмаймыз. Қызметтік бабын пайдаланып, пара алып ұсталып жатқандар Қазақстанда әлі де жемқорлық барын аңғартады. Мемлекет те онымен күресті күшейтуге бел буғына анық байқалады.
Жемқорлық жайлаған жерде барлық қалыптасатын мәселені жоғарыда айттық. Бірақ осы мәселенің жолын кесу тек құзырлы органдардың міндеті деп қарау қате түсінік. Әрбір адам оның зиянын шын түсінгенде ғана елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың жемісін көруге мүмкіндік туады.
Жемқорлық жайлаған салада міндетті түрде құлдырау қалыптасары анық. Ал оның мемлекет үшін қандай қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. Сондықтан жемқорлықпен жұмыла күресті күн тәртібінен түсірмеген абзал.
Шынтемір САЙЛАУОВ,
Облыстық Халық шығармашылығын
дамыту және мәдени продюсерлік
орталығының маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!