Жемқорлық – ауқымды мәселенің бірі. Қай қоғамда болмасын жемқорлық қылмыстары болып жатады және бар. Бұл бағыттағы күресте жүйелі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органы болу үшін шаралар қабылдауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган қызметінің 70%-ы парасаттылық жүйесін ілгерілетуге, ал 30%-ы жазалау шараларына бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды. Жемқорлық фактілері балабақша мен мектептерде орын алуы мүмкін. Баланың нашар баға сынақшамен жабу немесе емтихансыз үздік мектепке түсу және тағысын тағы. Сондықтан ата-ана сондай кезде баланың өз білімі қандай дәрежеде бағаланады, соған көндігуді, өз білімімен оқуға түсу керегін, жалпы білімнің маңызын түсіндірсе, жемқорлық іс-әрекеттері азаяды. Баланың сана-сезімінде жемқорлыққа тиым салынады.
Екіншіден, орта білім беретін ұйымдарда, ЖОО «Антикорлық сауаттылық» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы пән оқыту қажет. Бұл пәнде жемқорлықтың зияны, оған тағайындалатын жазалар және т.б. тақырыптар оқытылып, болашақ ұрпақтың сана-сезіміне жемқорлықтың кесірін, қаупін ұғындыруына көмек береді.
Үшіншіден, пара алу орын алған жағдайға куә болған (дәлелімен) адам сенім телефондарына хабарласса, оған сыйақы тағайындау немесе сертификат берілуі де көп көмектесер еді. Жемқорлықтан жапа шегіп, оны жария етуге қорқатын адамдарға арналған арнайы қосымшаның жасалуы да күн тәртібіне енуі тиіс.
Төртіншіден, 9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру тоқтамау керек. Ол іс-шараларды жай бір сарынды өтпей, түрлі форматта: дөңгелек үстел, бейнеролик марафоны, жарыс түрлерінде және т.б. өткізу. Теледидар, әлеуметтік желілерді пайдаланып, жемқорлық жайлы ақпараттар берілсе, қоғам мен халық санасына сәл де болсын жемқорлыққа қарсы ой қалыптасады.
Сыбайлас жемқорлық мәселені шешудің тиімді тәсілі болғанымен, ауыр қылмыс. Адам өзгермей қоғам өзгермейді.
Ақжелкен ЖАНСЕЙІТ,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық
жоғары колледжінің студенті
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!