Жемқорлыққа қарсы күрес аясында үздік жарияланымдар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
I. Негізгі ережелер
1. Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша (бұдан әрі – Байқау) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін (бұдан әрі-БАҚ) азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін көтеру, қоғамдағы сыбайластыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын құндылықтар жүйесін сақтап, нығыздау мақсатында өтеді.
2. Байқау жеңімпаздарын құрамында облыстық ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мен БАҚ өкілдері құралған арнайы комиссия анықтайды.
II.Байқауға қатысу шарттары
3. Байқауға өңірлік БАҚ өкілдері қатыса алады.
4. Байқауға мақсатына сәйкес азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеріп, жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын құндылықтарды сақтап, нығайтуға бағытталған, келесі материалдар: бағдарламалар, документалды фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар қабылданады.
Материалдар 2021 жылдың 15 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында жариялануы керек.
5. Ұсынылатын материалдар санына шектеу қойылмайды.
6. Байқау ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған материалдар қабылданбайды. Ұсынылған материалдар қайта қайтарылмайды.
III.Байқау кезеңдері
7. Байқау туралы хабарландыру
Байқау ережелері қазақ және орыс тілдерінде өңірлік БАҚ беттерінде жарияланады.
8. Байқауға ұсынылған материалдарды қабылдау.
Жарияланымдардың түпнұсқасы немесе көшірмесі (автордың мәліметтері, байланыс нөмірлері, басылым атауы көрсетілген) ұсынылады.
Аудиовизуалды материалдар эфирлық анықтамасымен бірге телевизиялық бағдарламалар көшірмелері түрінде ұсынылу керек (cd/dvd дискілерінде, флэш тасымалдауыштарда немесе сілтеме арқылы).
Ақпараттық агенттіктердің журналистері интернет сайтта жарияланған дәлелімен жарияланымдарының көшірмелерін ұсыну керек.
Байқауға материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. 2021 жылдың 30 қарашасында материалдарды қабылдау тоқтатылады.
Материалдарға қосымша журналистің қысқаша өмірбаяны, 3×4 суреті, ақпараттық материалдар тізімі жолданылуы қажет.
9. Байқауға ұсынылған материалдарды қарау.
Материалдар қабылданып болғаннан кейін байқау комиссиясы жұмыстарды қарауды бастайды.
Байқауда келесі критерийлер ескеріледі:
1) көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;
2) мәселені саралау тереңдігі мен оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны;
3) жазу стилі;
4) авторлық концепцияның өзіндік ерекшелігі.
10. Қорытындылау
Жеңімпаздарды анықтау байқау комиссиясының отырысында үздік жұмыстарды анықтау жолымен жүргізіледі.
Әрбір материал жеке талқыланып, ашық дауыс беру арқылы нәтижесі шығарылады.
Бірдей дауыс алған жағдайда, комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі. Комиссия отырысының хаттамасы толтырылады.
Жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша шешім кабылданып, жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындар беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттаудың орны мен уақыты комиссия отырысында белгіленеді.
IV.Байланыс ақпарат
Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к., №1 (облыс әкімдігі ғимараты), 3 қабат, 313 кабинет, тел.: 8/7242/60 53 21, ұялы тел.: +77477019127, электронды пошта: 5685smi@mail.kz.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!