Ертеде бір үлкен патшалық болыпты. Ондағы адамдар бір-бірімен тату, мейірімді жандар екен.
Бір күні патшалыққа үлкен, қорқынышты көздерімен қараған құбыжық басып кіреді. Шошып кеткен патшалықтың адамдары жан-жаққа қаша бастайды.
Жан-жағын қараңғы түнекке айналдырған ұсқынсыз құбыжық:
-Менің есімім – Есірткі. Егерде біреу рахат өмір сүргісі келсе,мен оның бар қалауын жасаймын – депті.
Бұл сөзге сеніп қалған адамдар есірткіге жақын болыпты. Құбыжық келгелі бері адамдар бір-біріне сенуден қалыпты. Оған қоса, жүректеріндегі мейірімділік бірте-бірте сөне бастапты. Кішілер үлкендерді сыйламапты, үлкендер кішілерге ізет көрсетпепті. Ұрлау,тонау,өлтіру көбейіп, елден береке кетеді.
Бір күні ақсақалдар жиналып,құбыжықтан құтылу туралы кеңесіпті. Сонда бір кісі :
-Құбыжықтан құтылу үшін тек бір жол бар. Ол – еңбектену, – дейді.
Адамдар күні-түні белі бүгіліп еңбек етсе,басқа нәрсеге уақыты болмайды. Жүректерінде мейірім пайда болып, олардың күш-жігері артады. Жақсы мен жаманды ажырата біледі, – депті.
Бұл шешімді мақұлдаған халық бірден іске кірісіпті. Жер жыртып,егін егіп, шаруасын түзепті. Осылайша халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі артыпты.
Ал құбыжық болса, өз дегенін жүргізе алмай қиналған екен. Адасып, сөзіне сенген адамдар бас тартып, өз жолын табады. Әбден әлсіреген есірткі күлге айналып, жер бетінен жойылып кетеді.
Осылайша патшалық тату-тәтті өміріне қайта оралыпты.
Болатбек Камшат Ғанибекқызы Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектебінің 6-сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!