9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Қызылорда қаласында «Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі және Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында кіші футболдан турнир өтті.

Турнирдің негізгі мақсаты жазасын өтеушілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы оң мінез-құлық қалыптастыру, спорттық рухты дамыту және олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау болып табылады.

Жарыс тартысты да жоғары деңгейде өтті. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Наргиза Рамазанова
Қызылорда облысының
Қылмыстық-атқару жүйесі
департаментінің №60 мекемесі
Жеңіс күніне орай кіші футболдан турнир өтті
Жеңіс күніне орай кіші футболдан турнир өтті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!