Павлодар қаласындағы Жеңіс саябағында орынсыз әрекет жасап, видеоға түскен жасөспірім қыздарды полиция бөлімшесіне жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиғаға байланысты Павлодар облысы полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

«Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдер заңсыз әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін олардың заңды өкілдеріне де әкімшілік шара қолданылды. Материалдар сотқа жолданып, процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Бұл жайтқа орай Павлодар қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға да ұсыныс жіберілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!