Жер бетінің 70 пайызы су элементімен жабдықталған. Алайда, жер шарындағы судың тек 3,5%-ы – тұщы су. Оның шамамен 70%-ы мұздықтарда қатып қалған, сондықтан оларды тікелей пайдалануға мүмкіндік жоқ.

2010 жылы БҰҰ адамның суға және санитарияға құқығын зерттеді. Онда әркімнің үздіксіз, қауіпсіз, қолайлы және қолжетімді сумен қамтамасыз ету құқығына ие екендігі қарастырылды.

Кейбір деректерде Антарктикалық мұз қабатында жер бетіндегі тұщы судың шамамен 90 пайызы бар делінген.

Бір адамға тәулігіне орташа су тұтыну мөлшері Англия мен Уэльсте – 142 литр, Шотландияда – 165 литр және Солтүстік Ирландияда 145 литрді құрайды екен.

Сондай-ақ, біз сатып алатын өнімдердің де құрамында су көп. Мысалы, мақтадан жасалған бір жейдешеде шамамен 2700 литр су бар.

Халықтың өсуі, суды артық пайдаланудың көбеюі және климаттың өзгеруі су ресурстарының тапшылығына тікелей әсер етеді. Бұл ретте әрбір адам экологиялық тапшылықтың алдын алуға үлес қосу мақсатында үнемділікті қолға алса, құба-құп.

Нұржан Нұғымадилла,

№135 орта мектептің 11 сынып оқушысы,

Сырдария ауданы, А.Тоқмағамбетов ауылы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!