Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Жетісу облысының прокурорлары аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымы директорының сотталуына қолжеткізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

«Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған. Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті», – делінген хабарламада.

Сарқан ауданының прокуратурасымен соталды тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.

Сот үкімі бойынша, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!