фото: polisia.kz

Жетісу облысы Алакөл ауданында Алматы – Өскемен тасжолының 568-шақырымында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!