Іле ауданының тұрғындары ереуілге шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
фото: aikyn.kz
Жергілікті халық «Жомарт» бау-бақша серіктестігінің тұтынушылар кооперативінің жаңа төрағасын жалпы жиналыссыз сайланғанына наразылық білдірді. Сол себепті 25- 30 адам ереуілге шықты.
Оқиға орнына жедел түрде полиция мен әкімшілік қызметкерлері келді. Ұзақ келіссөздерден кейін екі жақ ымыраға келді.
“Әңгімелесу барысында 16 тамыз күні жаңадан сайланған төрағаға қатысты тұрғындармен кездесу өткізу туралы шешім қабылданды. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері болған жоқ”, – деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Айта кетейік «Жомарт» саяжайы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінің аумағында, Алматы қаласынан небәрі 15 шақырым жерде орналасқан. Мұнда 3 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындар ұзақ жылдар бойы жергілікті биліктен елді мекенге ауыл мәртебесін беруді сұрап келеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!