Фото: ТЖ
дереккөз: Сыр бойы
Бүгін түскі 13 сағат 18 минутта Қамбаш елді мекені мен Арал ауданы аралығында (Батыс Европа-Батыс Қытай) жол көлік апаты орын алды.
Осы уақытта кезекшіліктен тыс жеке жұмысымен Арал ауданына қарай бет алған Қамыстыбас станциясы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Ербол Утарбаев жол көлік оқиғасын көріп қалып дереу көмек көрсетуге кіріскен. Оқиға анық болғандай 3 бірдей Mercede-benz маркалы жүк көлігі мен Daewoo-nexia маркалы жеңіл автокөлігі ауа райының қолайсыздығынан жол апатына ұшырайды.
Жеңіл автокөлік ішінде болған 4 адам әр түрлі жарақатпен қансырап (қолдың сынуы, аяқ қайырылып қалу, бас ми-жарақаттарымен) сыртқа шығып жатқанын көріп қалып құтқарушы қасына жақындағанда көлік ішінде қысылып қалғанын тағы бір 71 жас шамасындағы әйел азаматшаны құтқарып сыртқа шығарған.
Осы уақытта қосымша күштер келіп, құтқару бөлімшесінің құтқарушы-медбикесі Асия Базарбаева апаттан зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Содан соң жақын орналасқан Қамбаш елдімекеніндегі аудандық ауруханаға Қамыстыбас станциясы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Утарбаев Ерболдың жеке көлігімен жеткізілген. Қазіргі таңда 5 адам дәрігерлердің жіті қарауында. Ал жол көлік оқиғасынан аударылып қалған 3 бірдей Mercede- benz маркалы жүк көлігінің жүргізушілері дін аман. Жүк көліктерін тұрғызу үшін қосымша көмек күтуде.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!