Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы цифрландыру бағытына ерекше тоқталды. «Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн» деген еді Президент.
Бүгінде Жолдау жүктеген міндеттерді орындап, жаңа бастамаларға қуат беруде қарқын бар. «Қызылорда су жүйесі» алғашқылардың бірі болып, цифрландыруға үлес қосты. Бүгінде мекеме тұрғындарға арнап, телеграм бот каналын іске қосты.
Мұның бір ерекшелігі, қала тұрғындары енді ауыз суға берешегі бар, жоғын немесе артық төлем жасағанын онлайн біле алады. Сондай-ақ, бот арқылы алыс-беріс актісін көре алады.
Мекеменің сектор басшысы Нұргүл Садықованың айтуынша, алдымен ұялы телефоныңызға телеграм мобильді қосымшасын жүктеп аласыз. Одан кейін арнайы логин немесе QR код арқылы Қызылорда су жүйесінің телеграм ботына қосыласыз.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барлық салаға енгізуді тапсырған болатын. Су жүйесіндегі мұндай цифрлық қызмет тұрғындардың уақытын үнемдеп, жедел ақпарат алуына мүмкіндік береді.
«АЖ-ақпарат»
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!