Солға барсаң атыңды жоғалтасың, оңға барсаң өмірді жоғалтасың, алға жүрсең тірі қаласың, бірақ өзіңді ұмытасың» демекші өмірде кейде қалай таңдау жасап, кімге қалай жауап береріңді білмей қаласың…
Дұрыс таңдау жасау бәрінен де маңызды. Және ең қиыны жәутеңдеген жанарды жасқа толтыртып біреудің айтқан өтініші мен ұсынысына «жоқ» деп айту шығар. Егер «жоқ» деп бетінен қақсаң, өзіңе жақын адамды да жоғалтып алуың мүмкін. Осындай кезде кімге көмек беріп, кімге қарсы жауап беру керек жайлы да ойлану керек.
Есейген сайын өзімізді, шынайы болмасада үлкенмін деп санаймыз. Жас кезде көп қателер жасалынады, ол қателер үшін өмір бойы жүрегімізде сызат қалуы мүмкін. Ол мәселе кез-келген жастың басында кездеспесіне кім кепіл?! Ол нашақорлықтың жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы. Нашақорлық – бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Есірткі – қармағына бір іліндірген соң, торға түскен балықтай қанша бұлқынғанмен, қайтып құтылу екі талай – кесел. Әсіресе, жастарды көктей орып, жуадай солдыратын – көкнәр, апиын, наша тарту есірткіқұмарлыққа жатады.
«Мен, жоқ деп айтамын –біздің өмірді улайтын есірткіге»
«Мен, жоқ деп айтамын – темекі шегуге араққұмарлыққа»
«Мен, жоқ деп айтамын – нашақорлық пен уытқұмарлыққа»
«Мен, жоқ деп айтамын – СПИД-ке, жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауруларға»
«Мен, жоқ деп айтамын – азаттық махаббатқа»
«Мен, жоқ деп айтамын – ерте жастағы жүктілікке»….
«Жоқ» деген сөз жоқтық шақырады деген тіркес санамызда сайрап тұрады. Дегенмен, “Жоқ, келіспеймін!” деп жиі айтуға тура келетін жайттар да орын алады. Өзіме тиімсіз, пайдасыз нәрсені жасамай, мені пайдаланғандары үшін оларды жек көріп кетпей жүргенімнің өзі кейін жеңілдік, рахат сезімін сыйлайды.
Өзінді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды құып кетпе …
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіне сүнгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме!-деген Абай атамыздың өлең шумақтарын жадымызда сақтайық!

#есірткігеқарсы

Тұрарова Ғазиза Бауыржанқызы
М.Мәметова атындағы Қызылорда
педагогикалық жоғары колледжінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!