Алматы – Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 18 шілдеде сағат 18:20 шамасында болған. Жүргізуші рөлді басқара алмағандықтан көлік жол жиегіндегі темірдің ортасына кіріп кеткен.
Алматы облысы полиция басқармасы оқиғаға қатысты түсінік берді.
«26 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 109 шақырымында келе жатып, рөлді басқара алмай, жол жиегіндегі темірге соғылған. Бұл дерек Қонаев атындағы ПБ-де Қылымыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан жүргізуші жансақтау бөлімінде алған жарақаттарынан қайтыс болды, екі жолаушы зардап шекті. Екі жолаушы да Қонаевтағы ауруханаға жатқызылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!