Тоқты
Аптада әріптестермен жанжалдасып, қаржылық қиындықтарға душар болуыңыз мүмкін. Алайда келер апта бәрі реттеледі. Қиындықтан шығып, табысқа қол жеткізу үшін өз бағытыңыздан танбау керек.
Торпақ
Аптада жақсылықтар болғалы тұр. Сонымен бірге қызықты ұсыныс түседі. Мәселен, біліктілік арттыру курстары. Мұндай ұсыныстан бас тартпаған жөн. Осы уақытқа дейін жасаған жұмысыңыз өз жемісін береді. Сондықтан қорықпай, жаңа жобаны қолға алыңыз.
Егіз
Апта жетістікке жетуге сәтті уақыт. Сондай-ақ өміріңізде келеңсіздіктер болмайды. Жақсы жұмысқа орналасып, жаңа баспанаға көшу мүмкіндігі туады. Кәсіп бастау, маңызды келісімдер жасау немесе ауқымды іскерлік кездесу өткізу септігін тигізеді. Отбасын құруды немесе сәбилі болуды жоспарлап жүрсеңіз, оны келесі айдың еншісіне қалдырған жөн.
Шаян
Үнемі қиын жағдайдан шығудың жолын іздейсіз. Сонымен бірге аптада көп нәрсеге қол жеткізе аласыз. Осы айда жеке өміріңізге қатты әсер ететін жайт орын алуы мүмкін. Қаржы саласында сәттілік болады. Үлкен табысқа кеңелесіз.
Арыстан
Алдыңыздан көптеген сынақ шығуы мүмкін. Алайда бұл сіздің күштілігіңіз бен төзімділігіңізді тексеруге жақсы мүмкіндік. Егер сынақтан сүрінбей өтсеңіз, әрі қарай үлкен жетістікке жетесіз. Жұлдыздар асығыстық танытпауға және өзгелердің сізді басқаруына жол бермеуге кеңес береді.
Бикеш
Қаржы саласында, жалпы, кез келген жарыста жеңіске жетесіз. Кәсіп бастағысы келгендерге сәттілік серік болады. Алайда істі достарыңызбен бірге бастамаған жөн. Жаңа белестерді бағындыратын уақыт жетті. Өзіңізді өзге қырынан көрсетіңіз. Бұл апта жетістіктерге жететін кезең. Мұның бәрі бұған дейін қолға алған істің жемісі.
Таразы
Өміріңізде айтарлықтай өзгеріс болады. Өмірлік серігін іздегендер жанына жақын адамын табады. Жұмыста басшылықтың жөнсіз шағымына мән бермеуге тырысып, діттеген мақсатыңызға жетер жолда табандылық таныту керегін естен шығармаған жөн. Қаржы мәселесіне көп көңіл бөлген дұрыс.
Сарышаян
Көп ойланып, түрлі жоспар құрып, алғашқы қадам жасасаңыз, жұмыстың нәтижесін көре аласыз. Апта соңында қабылдаған шешімнің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізесіз. Биікке жетуді де, төменге құлдырауды да бастан өткеруіңіз мүмкін. Апта соңында күтпеген ұсыныс жасалуы мүмкін.
Мерген
Аптада жаңа қарым-қатынас бастап қана қоймай, ескісін де реттей аласыз. Жағымды жағдай мен өзгеріс орын алғалы тұр. Барлығына да дайын болыңыз. Дегенмен сізде айтарлықтай қиындықтар болмайды. Бұл апта демалып, ем алуға таптырмас уақыт.
Тауешкі
Өмірді қайта бастауға құлшыныс арттып, өмір қызығын сезінесіз. Махаббатта жолыңыз болады. Діттеген мақсатқа жету үшін бұл апта таптырмас уақыт. Жолыңыз болып, көп нәрсеге оңай қол жеткізесіз. Сондықтан берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Суқұйғыш
Алға қойған мақсатты қолға алатын уақыт келді. Аптадағы әрбір әрекетіңіз өнімді болады. Махаббат, шығармашылық, қаржы сізге қиындық келтірмейді. Ойға алған жоспарыңыз іске аспай, бір орында тұралап қалғандай көріне бастайды. Алайда бұл туралы көп ойлап, уайымдамаңыз. Себебі бәрі аз уақыт ішінде реттеледі.
Балық
Ешқашан асығыстық жасамаңыз. Алайда шұғыл шешімді қажет ететін жағдайда жылдам әрі қарқынды түрде әрекетке кірісіңіз. Бұл сіздің қолыңыздан келеді. Өміріңізде болып жатқан жағдайды жеделдетуге тырыспаңыз. Қиын сәттердің өзінде озбырлық пен ашуға бой алдырмаған жөн.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!