Тоқты
Сізді маңызды кездесу күтіп тұр. Сондықтан жүрген жүрісіңізге де, киген киіміңізге де аса мән берген жөн. Қызметіңіз жоғарылап, көп жетістіктерге жетесіз. Дегенмен жақсылық жасаған адамдардың қадірін біліңіз.
Торпақ
Көп уақытты серуендеп, көңіл көтеруге арнаңыз. Қиын күндерді ұмытып, жаңа күнге жаңа көзқараспен қараңыз. Бұл апта сіз үшін өте маңызды, сондықтан шешімді асықпай қабылдаңыз!
Егіздер
Аптаны отбасыңызбен өткізіңіз. Жұмысты, жоспарды ысырып қойып, жақындарыңыздың қасында болыңыз. Өмірдің қызығын сезініп, отбасылық жылулықтың қадірін түсініңіз. Апта сіз ойлағаннан да қызықты өтеді.
Шаян
Махаббатта жолыңыз болады. Тек жүрегіңізді тыңдаңыз. Қаражат жағынан қиындық туындауы ықтимал. Сондықтан қаржыңызды үнемдеп жұмсаңыз. Жұлдыздар көп серуендеуге кеңес береді.
Арыстан
Қаржы саласында, жалпы кез келген жарыста жеңіске жетесіз. Кәсіп бастағысы келгендерге сәттілік серік болады. Алайда істі достарыңызбен бірге бастамаған жөн. Жаңа белестерді бағындыратын уақыт жетті. Өзіңізді өзге қырынан көрсетіңіз. Бұл апта жетістіктерге жететін кезең. Мұның бәрі бұған дейін қолға алған істің жемісі. Жеке өміріңізде маңызды кездесулер орын алады.
Бикеш
«Жұмыс, карьера» деп өзіңізді ұмытпаңыз. Айналаңыздағы адамдардан еш қорықпай, батылырақ бола түсіңіз. Сізді ешкім де қорқытып, үркіте алмайды. Ойыңызға келген мақсатты нақты жоспарлап, орындай біліңіз. Жаныңыз қалаған нәрсені жасауға тырысыңыз.
Таразы
Көп ойланып, түрлі жоспар құрып, алғашқы қадам жасасаңыз, жұмыстың нәтижесін көре аласыз. Апта соңында қабылдаған шешімнің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізесіз. Биікке жетуді де, төменге құлдырауды да бастан өткеруіңіз мүмкін. Апта соңында күтпеген ұсыныс жасалу мүмкін. Десе де жұлдыздар ауыр міндетті жауапкершілікке алмауға кеңес береді. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын ата-анаңызбен ақылдасқаныңыз жөн.
Сарышаян
Өмірді қайта бастауға құлшыныс артып, өмір қызығын сезінесіз. Махаббатта жолыңыз болады. Діттеген мақсатқа жету үшін бұл апта таптырмас уақыт. Жолыңыз болып, көп нәрсеге оңай қол жеткізесіз. Сондықтан берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Мерген
Апта жақсы жаңалықтармен басталады. Күніңізді бекерге өткізбеңіз. Аздаған қиындық кездессе де сабыр сақтаңыз. Бос уақытыңызды жаңа білім алуға, тіл үйренуге арнағаныңыз дұрыс.
Тауешкі
Жаңа аптада денсаулығыңызға мән бергеніңіз жөн. Дәрумендер қабылдап, мүмкіндігінше демалысқа уақыт арнаған дұрыс. Сондай-ақ шақырған жерден қалмаңыз, жаңа ортадан жақсы достар табуыңыз мүмкін.
Суқұйғыш
Жақын адамыңызды ренжітіп алмаңыз. Қандай жағдай болмасын сабыр сақтаңыз. Кей кезде жұмыс барысында түсiнiспеушiлiк болуы мүмкiн. Сол себепті үнемі байыппен, ойланып сөйлеңiз.
Балықтар
Осы аптада достарыңызбен жиі бас қосасыз. Жақындарыңызбен де берік қарым-қатынас орнатасыз. Сондықтан әрқашан күліп жүріңіз. Бұл сіздің денсаулығыңызға да оң әсерін береді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!