Кейінге шегеріп жүрген жұмысты іске асыратын уақыт келді. Әр қадамды сенімді түрде басқан абзал. Достың сатқындығын елемеу мүмкін емес. Абай болыңыз. Аптада қызметіңіз жоғарылауы мүмкін. Сізге артылатын сенім де жоғары болмақ. Сәттілік серігіңіз болсын.

Тоқты

Кейінге шегеріп жүрген жұмысты іске асыратын уақыт келді. Әр қадамды сенімді түрде басқан абзал. Достың сатқындығын елемеу мүмкін емес. Абай болыңыз. Аптада қызметіңіз жоғарылауы мүмкін. Сізге артылатын сенім де жоғары болмақ. Сәттілік серігіңіз болсын.
Торпақ
Алдағы апта сіз үшін түрлі сынаққа толы болады. Әріптестеріңізбен арада түсініспеушілік және қаржы қиындықтары орын алады. Бірақ ашық-жарқын жандар бұдан бір жолын тауып шығады. Кез келген құмар ойыннан алшақ болған жөн. Өйткені құмар ойыннан дер кезінде тоқтау өте қиын.
Егіз
Жыл басталған сәттен-ақ сатқындық пен алдаудың құрбаны боласыз. Бірақ сіз оңайлықпен берілмейсіз. Алдағы апта жаңадан тәжірибе жинақтайсыз. Тың нәрсемен танысу үшін жаңа білім көзін іздеуге тура келеді.
Шаян
Жоспарыңыз сіз ойлағаннан да жылдам іске асады. Бірақ келер апта кішкене кідіруге тура келеді. Қалыпты жағдайдан ауытқитын сәттер жиі кездеседі. Бұл уақыт тәжірибеңізді қолдануға, өзіңізді тануға мүмкіндік береді.
Арыстан
Асықпай жоспар құрып, әр кезеңнен кезеңге салмақты түрде адымдайсыз. Аналитикалық ойлау қабілетіңіз бен ішкі түйсігіңіз ешқашан алдамайды. Сізге дұрыс жол сілтейді. Жақын жандардың қасында болғаныңыз дұрыс.
Бикеш
Жұлдыздар асықпай шешім қабылдауға кеңес береді. Шынайы мүмкіндікті дер кезінде аңғармасаңыз, сіз үшін қиын болуы мүмкін. Өзіңіздің стиліңіз бен имиджіңізді өзгертіңіз. Сонымен бірге жұмыс ауыстырып, бөтен аймаққа көшіп кетуіңіз де мүмкін. Шешім қабылдамай, ұзақ жүріп алудан сақ болыңыз. Өйткені бұл күйзеліске соқтырады.
Таразы
Өміріңіз жаңа таныстармен толығады, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Апта сізге керемет эмоциялар сыйлайды. Біреуге қатты ғашық болуыңыз мүмкін. Бірақ бұл ғашықтық сіздің өз міндеттеріңізді ұмыттырады. Дер кезінде өзіңізді қолға алмасаңыз, қиындыққа тап болуыңыз әбден мүмкін.
Сарышаян
Кез келген істі ойланып қолға алған дұрыс. Асығыс шешім шығынға алып келеді. Бұл тоқтап қалудың белгісі емес. Керісінше, алға жылжыған сайын жолыңыз анығырақ бола түседі. Достарыңызға көңіл бөлуді ұмытпаған жөн. Кажетті энергияны айналаңыздағы адамдар береді.
Мерген
Мақсат қоя білу, кез келген істі тез меңгеру беделіңізді арттырады. Апта барлық істі аяқтау жеткіліксіз көрінеді. Бірақ уайымдаудың қажеті жоқ. Өйткені бұл апта сіздің жағыңызда болмақ. Барлық сала бойынша жолыңыз болғалы тұр.
Тауешкі
Бар назарыңызды жұмысқа бөліп, қарым-қатынасқа келгенде тұйықталып қалдыңыз. Өзгеріс енгізіп, аптаны достарыңыз бен отбасыңызға арнаңыз. Бірақ кез келген адамға ашыла бермеген жөн. Аптада көп шығындаласыз. Жаңа дизайнерлік киім, жиһаз бен техникалар сатып аласыз. Бірақ шығындалу жаңа табыс көзін іздеуіңізге бастама болады.
Суқұйғыш
Жинақылық, жауапкершілік сізге серік болады. Бірақ көңіл көтеруді жақсы көретін жандар көп нәрседен тыяды. Есесіне, еңбегіңіздің жемісін көресіз. Одан бөлек, кәсібіңіз біршама уақыт қаржымен қамтамасыз етеді. Мол пайда түседі.
Балық
Жақын арада тауға саяхаттайсыз, қыдырасыз. Дегенмен сәл қиындық туындауы мүмкін. Берілмей, істі соңына дейін жеткізсеңіз, бәрі сіз жоспарлағандай болады. Өзіңіз білмейтін белгісіз қырыңызды ашуыңыз мүмкін. Соны тұншықтырып алмаңыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!