Атырау облысындағы Жангелдин ауылында жоғалған отбасыға қатысты қылмыс ашылды. Ішкі істер министрлігі өкілдері марқұмдардың кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиева қазір қайда екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті Индонезияда ұсталған. Онымен бірге отбасының кіші қызы да анықталған. Ұсталғаннан кейін ер адам кінәсін мойындаған.

Қазір тергеу жалғасып жатыр және ерекше бақылауда. Сондай-ақ, отбасының кіші қызының бұл іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Психикалық жағдайын анықтау мақсатында ол (Ақбаян – еск.) сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберілді», – деді ІІМ өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!