Алматы облысында өте жұмбақ жағдайда 34 жастағы екінші топтағы мүгедектігі бар ер адам жоғалып кетті. Ол тікелей жұмыс орнында жоғалып кетті. Туыстары еріктілермен бірге іздеу жұмыстарын жүргізуде. Олар полицияның толық әрекетсіздігіне шағымдануда. Эдуард жоғалып кеткеннен бері үш апта ішінде жедел уәкілдер оны көрші ауылда көрдім деп мәлімдеген жалғыз куәгерден де жауап алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Эдуард Куколев – жас және мықты азамат, бірақ ақыл-ой дамуы жағынан бала секілді. 

«Бұлай ешқашан болған емес. Ол үш жылдан астам жұмыс істейді, ешқашан аумақтан тыс жерде болған емес. Оның немістер секілді тәртібі бар. Ол өте дұрыс жігіт. Мүгедектер қоғамында Эдуард сағат 9-дан 5-ке дейін қолөнерші болып жұмыс істейді. 20 маусымда, әдеттегідей, жүргізуші оны аялдамаға апарып, Алматыға автобусқа отырғызуы керек еді. Сол күні Эдуард көлікті шыдамдылықпен күтіп тұрған. Әріптестерінің айтуынша, сол сәтте кенеттен із-түзсіз жоғалып кетті”, – дейді  «SАT” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің вице-президенті:

«Шықсам, адам жоқ. Мен оны дәретханада деп ойладым, бірақ жоқ болды. Осыдан кейін біз оны барлық жерден, даладан, гараждан іздей бастадық. Мүмкін бір жерде отырған шығар деп ойладық», – дейді мүгедектер қоғамының күзетшісі Зайнитдин Мамбектов. 

Өз бетінше іздеуді бастамас бұрын Эдуардтың туыстары полицияға жүгінді. Бірақ, олар аудандық басқармада ұзақ уақыт бойы өтініштерін қабылдамағанын айтады. 

«Біз онда бір күн өткіздік. Біресе былай, біресе солай деп әуре-сарсаңға түсірді. Содан кейін кезекші тергеуші жауап алды, белгілері. Біз өтініш бердік. Болды жұмысты бастаймыз», – дейді жоғалған ер адамның тәтесі Ирина Южанина. 

«Жақын жерде ауылдық округтер пысықталды. Сондай-ақ, Қаскелең қаласының «Алтын Орда» базары, «Жер Ана» базары бойынша іздеу жұмыстары жүргізілді. 30 ерікті тартылды. Алдағы уақытта жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», – Қарасай ауданы полиция басқармасының іздестіру бөлімінің жедел уәкілі.

Тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын жалғыз куәгермен сөйлесу арқылы жеке көз жеткіздік. 

Көлді ауылындағы сатушы әйел жоғалған азаматты фотосуреттен оңай таныды. Алайда ол көргеннен бері 3 апта өткен. Бірақ полиция сол уақыттан бері оған жауап алу үшін келмепті. 

– Оның түрінен қорқыныш көрініп тұрды – Ол сізден көмек сұрамады ма? – Жоқ. Ол шынымен сөйлеспеді,тек күте тұрыңыз деді. Түсініксіз сөйледі. – Полиция сізден бұл туралы сұрады ма? – Жоқ. Полиция келген жоқ».

«Өтінемін, жақын адамымызды, қымбатты адамымызды үйімізге қайтаруға көмектесіңіздерші. Бізде қазірдің өзінде күш жоқ. Күн сайын көз жасымызды төгумен жүрміз. Әрине, ол тірі, дені сау деп үміттенеміз», – дейді Ирина Южанина. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!