Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары «Alexey Sultan-Akhmet» емханасының дерматолог мамандарымен кездесті.
Кездесу барысында псориаз немесе қабыршақты теміреткі секілді жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде дәрістер оқыды. Дерматологтардың түсіндіруінше, псориаз кез келген жаста болуы мүмкін. Негізгі себеп – генетикалық бейімділік. Псориазды толығымен емдеу мүмкін емес, бірақ уақытылы және дұрыс таңдалған терапия оны бақылауға алып, тұрақты ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді.Аурудың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет. Біріншіден, адам өз жүйке жүйесін қорғауы керек. Өйткені күйзеліс факторлары псориазды тудыруы мүмкін. Екіншіден, иммундық жүйені нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануы қажет.
Жиынға «Alexey Sultan-Akhmet» емханасының мамандары Ақдидар Кенбай, Айнұр Жұмабекқызы, университеттің медбикелері Гулнара Есмаханова, Назерке Мінәс және білім алушылар қатысты.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!