Фото: жеке мұрағатынан
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұған дейін қылмыстық іс Әуезов аудандық полиция басқармасында тіркелгені айтылған еді.
Кәсіпқой боксшы, алғашқы жартылай орта салмақта IBO чемпиондық титулының иегері Жанқош Тұраров БАҚ-ты сотқа беретінін мәлімдеді. Бұған дейін отандық ақпараттық агенттіктер боксшының қыз зорлады деген күдікке ілінгенін жазған болатын.
Тұраровтың сөзінше, бұл ақпарат – жалған, шындыққа сай келмейді. Ал, оны бірінші болып таратқандармен ол заң тұрғысында «сөйлесетінін» айтып отыр.
«Таңертеңнен бері миллион хабарлама түсіп жатыр. Өзім таң қалып отырмын және бұл ақпараттың жалған екенін хабарлаймын. Жала жабылып отыр. Ал, осы жалған ақпаратты таратқан прессаны сотқа беремін», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!