Шымкентте сүдет тойда жылқыға қатыгездік көрсеткен тұрғын жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған жылқыға қатыгеездік танытқан бернеше ер адамды анықтады. Олар жануардың көзін байлап, баспалдақтан түсірмек болған. Құлап кете жаздаға жануарға иесі қатыгездік көрсетіпті.
«Бұл дерек 8 қазан күні Абай ауданындағы мейрамханалардың бірінде «Сүндет той» кезінде орын алып, жылқының иесіне қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 407-1 «Жануарларға қатыгездік” бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды», – деп хабарлады полиция.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!