Облыс көлемінде жылу беру маусымына дайындық жұмысы жан-жақты пысықталуда. Сала мамандары тұрақты түрде тұрғын үйлерді жіті бақылап, өрттің орын алмауына ерте бастан қамдануда.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен жыл сайын жылу беру маусымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығы, мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бойынша тиісті іс-шаралар атқарылуда. Бұл туралы Облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков мәлімдеді.

2024-2025 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық кезеңі басталуына байланысты Департаменттің «Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» 2024 жылғы 7 тамызда № 78 бұйрығы бекітіліп, биылғы жылдың 15 тамызынан бастап Департамент қызметкерлері әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйлеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасынан алынған тізімге сәйкес, тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғысбасты ана және мүгедек жандары бар 5 463 отбасы тізімі нақтыланды.
Аталған отбасылардың ішіндегі жылыту жүйесі табиғи газбен қамтылған үйлерге орнату үшін 484 дана табиғи газды анықтайтын есептегіш құрал сатып алу мәселесі жерігілікті атқарушы орган тарапынан оң шешімін тауып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды, нәтижесі күтілуде. Барлығы 86 218 тұрғын үй секторының ауласы араланды. Тұрғындармен 319 рет кездесу ұйымдастырылып, соның ішінде электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану туралы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді,- деді Асхат Плалұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!