Облыс көлемінде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен 2 газотурбиналық қондырғының генераторы мен 11 қазандыққа күрделі, 1 турбина мен 15 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыстың 98 пайызы орындалды.
Жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 6 жобаны іске асыруға бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, 9,5 шақырым жылу желісінің 8,6 шақырымына жөндеу жүргізілді. Облыстағы 1 067 әлеуметтік нысан қысқа 100 пайыз дайын.
“Қызылорда жылу электр орталығының биылғы 2024-2025 жылғы маусымға дайындығы доспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Дайындықты көктем айларынан бастап кеттік. Іс-шара жоспарының 98 пайызы орындалды. Оның ішінде атап өтетін болсақ негізгі қондырғылардан алтыншы бу қазандық, тоғызыншы бу қазандық олар ағымдағы жөндеуден өтті. Ескі станцияның ішіндегі бу қазандығына да ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бүгінгі күні іштегі системалардың барлығы суға толтырылып соңғы сынақтардан өткізіп жатыр”, – деді Қызылорда ЖЭО бас инженері Наурыз Сатханов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!