Сот өз ауласындағы есірткі еккен Қызылорда тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шиелі ауданында үй ауласына 59 түп сора өсімдігін еккен 57 жастағы аудан тұрғынын құрықтады.

Тергеу барысында күдіктінің жасаған іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
Сотталушы сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жылыжайда есірткі еккен азамат 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Жылыжайда есірткі еккен азамат 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!