Үлкен шараларда немесе теледидардан зиялы қауым деген сөзді жиі еститініміз рас. Мектепте осы тақырыпта шығарма жазуды тапсырғанда бұл сөздің мағынасына үңіле түстім.

Ескіге үңілсек, қазақтың зиялылары көп болған. Әрқайсысы өзіндік болмысымен, тұлғалық қабілеттімен, мақсаттарымен ерекшеленеді. Ал олардың сөздері, пайымдаулары бір болғанымен, халық оны әрқалай түсінеді.

Білуімізше, кез келген білімді адам зиялы бола алмайды. Зиялы болу үшін білімділікпен қатар парасаттылық, байыпты көзқарас пен көрегенділік қажет. Біз білетін зиялы тұлға деп хәкім Абайды айтсақ болады. Өзінің ғана емес, халықтың жағдайын ойлаған Абай даналық сөздерімен өзгелерге бағыт берді. Қара сөздері арқылы бүгінгі заманның шындығын ашып көрсетті. Кейбір қазақ зиялыларының болашаққа болжамы расыменде орын алып жатқандай.

Зиялы деген сөздің қадір-қаси етіне жету, осы сөзге лайықты болуға әрбір қазақ міндетті. Сондықтан зиялы деген сөзді естуге ғана емес, шынымен де зиялы тұлға болуға тырысуымыз қажет.

Нұрсая ӨТЕМҰРАТ,
Б.Кеулімжайұлы атындағы
№226 мектеп-гимназияның оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!