Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн режимде 2020 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

        Баспасөз конференциясында сот төрағасы Қ.Абдуллаев аталған уақытта сотта  29 қылмыстық іс қаралғанын, 22 іс бойынша 30 адамға, оның ішінде 15 кәмелетке толмағандарға қатысты үкім шығарылғаның жеткізді.

2020 жылдың 12 айында барлығы 493 азаматтық іс өндірістен аяқталған, оның ішінде 374 азаматтық іс бойынша шешім қабылданған, 20 азаматтық іс өндірістен тоқтатылып, медиация тәртібімен 20 іс, партисипативтік тәртібімен 1 іс аяқталған.

Сонымен қатар, аталған мерзімде 82 адамға қатысты 82 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 57 тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылды, 18 тұлғаға қатысты әкімшілік іс өндірісімен қысқартылды.

          Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға  барлық шаралар қолданылатынын атап өтті.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!