Фото: zh-shugylasy.kz
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау жөніндегі негізгі талаптар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген. Ал, әдептілік мінез-құлық қағидалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде бекітілген.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Әдеп қағидаларын заңнамалық тұрғыдан бекіту жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілердің әдебі олардың жоғары кәсіби, моральдық-адамгершілік қасиеттері жалпы мемлекеттік қызмет туралы оң көзқарасты қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын нормативті бекітудің басты мақсаты – мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеуді қамтамасыз ету және оларға мемлекеттік қызметте болған кезінде қойылатын моральдық-адамгершілік талаптарды нығайту.
Әдеп кодексінде белгіленген қағидаттар мемлекеттік қызметшінің атқаратын қызметінің аса маңыздылығы мен оған ерекше жауапкершілік жүктелетіндігін айқындайды.
Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары мемлекеттік қызметшіге жоғары талаптар қояды. Осы ретте, әдеп қағидаларын бұлжытпай орындау, жоғары жауапкершілікті сезіну мемлекеттік қызметшіге тән негізгі қасиеттер болуы керек.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары Кодекстің мақсаттарын іске асыруға бағытталған мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Кодекс ережелері мемлекеттік қызметшілер Кодексті және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды жұмыстан тыс уақытта да сақтауға міндеттейді.
Әдеп кодексі нормаларын мемлекеттік қызметшілер арасында сақтау мақсатында әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, семинарлар ұйымдастырылады.
Әдеп кодексі барлық мемлекеттік қызметшілер үшін айқын бағдаршам. Ендеше оның орындалуы мен сақталуы қашанда назарда ұсталғаны жөн.
Эльмира Әбдіхалықова ,
Қызылорда облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
 
			