Қазір 2 сот орындаушының лицензиясы уақытша тоқтатылды.

Астана қалалық Сот әкімшілігі департаментінде 6 жеке сот орындаушысы жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қала әкімдігінің мәліметінше, Сот әкімшілігі департаменті былтырғы жұмыс қорытындысын шығарған кезде жеке сот орындаушыларынан заң бұзушылықты анықтаған. Қазір 2 сот орындаушының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Бес адамның ісін тәртіптік комиссия қарайтын болды.

– Ведомствода азаматтардың өтініштері мен шағымдары қаралды. 2023 жылы қала соттары мамандарының іс-әрекетіне қатысты 34 арыз түсті. Оның ішінде 4 арыз расталды. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда, 7 өтінішке немесе 17 пайызға аз. Былтыр 41 арыз түскен болатын, – делінген хабарламада.

Сот әкімшілігі департаментінде «Сот кабинеті» сервисімен жұмыс қорытындысы шығарылды. Осылайша, барлығы 29 мыңнан аса талап-арыз түскен. Олардың 79%-ы электронды түрде берілген.

Ішкі істер органдары (әкімшілік полиция) «Сот кабинеті» сервисі арқылы 16 мыңнан аса әкімшілік материал жіберді. Оның да 29,6 пайызы электронды түрде жіберілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!