Еліміздің Ата Заңында бірінші орында адам тұр. Бұл адам құқығының қорғалуына және шағымдануына мүмкіндік бермек. Әр қазақстандық өз құқығын білуге міндетті. Ата заң-құқықтарымыз бен бостандығымыздың кепілі. Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары,  билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстанда азаматтық қоғам құру туралыдүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ең жоғарғы заңдық күші бар Қазақстан Конституциясы Республикадағы қолданылатын және қалыптасып жатқан құқықтық жүйесінің нормативтік бастауы бола тұра, қоғамдық және мемелкеттік құрылыстың маңызды жақтарын реттейді. Ол-ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі, саяси-құқықтық төлқұжаты. 

Қазақстан халқы қолдаған Конституция – еліміз өркендеуінің ерен тетігі бірлік пен еркіндік ұстыны. Мемлекетімізді демократиялық, зайырлы және құқықты ел ретінде айқындайтын басты құжат – Конституция. Ата Заң барлық құжаттардың қайнар көзі, бастауы болып табылады. Бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көп ұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екендігін танытты. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Ата заңы өмірге келді. Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп басталады. Бұл мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі. Еліміздің Ата заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат.

Ата заңымыздың өміршеңдігі, демократиялық табиғаты туралы қазақстандықтар да, шетел азаматтары да жиі жылы лебіздер айтып, болашағымызға зор сенім білдіріп келеді.

Еліміздің Конституциясы –бұл заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея. Әрбір азаматы өзін тең сезініп, емін-еркін жайдары өмір сүретін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұні өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын дәлелдейді. Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжаты- Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Ал конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Ата заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституциямызда айтылғандай еліміздің ең басты қазынасы-адам , оның өмірі мен бостандықтары болып табылады. Аталған заңнама осындай ұлан-ғайыр елімізде бірлігіміз жарасып, бір жжеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып тату тәтті өмір сүруіміздің кепілдігі мен айқын нышаны болып табылады.

Ата Заң – бейбіт­шілік пен ынтымаққа, еркіндік пен теңдікке апаратын даңғыл жол. Тоғыз бөлімнен тұратын Ата Заңда еліміздің азаматтарына толық жағдай жасалған. Екінші бөлімнің 10-бабында “Республиканың азама­тын ешқандай жағдайда азаматты­ғынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге алас­та­туға болмайтындығы” көрсетілген. Олардың өмір сүруіне, білім алуы­на, қызмет етуіне және зейнеткер­лікке шығып демалуына барлық мүмкіндіктер жасалған.

Ата заңымыздың өзгешелігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз дамуының мемлекеттік тұғырын, басқару тәсілін, билік тармақтарын бекітіп, «байырғы қазақ жерінде мемлекет құрылғанын» жария етті. Конституция бізге, адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік береді. Сондықтан құқықтық мемлекет, заңның жоғарғы мәртебелілігі, Конституцияның мызғымас беріктігі, ұлттық идеологияның негізі және түп қазығы екенін мойындауымыз керек. Татулық пен бейбітшіліктің мекені болып табылатын кең байтақ елімізде жүздеген ұлттар тұрады. Бүгінде олар достық туын жоғары көтере біліп, Қазақстан мемлекетінің экономикасын өркендетуге орасан еңбек сіңіріп келеді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: «Халқымыздың заң үстемдігіне, адамдардың негізігі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмытылысы төл тарихымызда айқын көрініс тапқан. Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет        

Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мəселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы – демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі.

«Адам бостандығына» қарағанда «адам құқығы» терминінің аясында адам қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адамның іс-əрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге жəне қорғауға міндеттеме қабылдайды.

Ата За­ңы­мыз егеменді ел тарихы үлесін­дегі аз уақытта үлкен сындардан сү­рінбей өтіп, өзінің құқықтық құн­дылығын жоғары дәрежеде дә­лелдей білді. Конституциялық заңнамаларға сәйкес барлық азаматтар тең құ­қы­лы. Егер олармен заң бұзушылық жіберілген жағдайда жауапкерші­лік­ке тартылып, жалпыға бірдей тәр­тіпте шартты жазасын алады. Қазақстан Республикасы Консти­ту­циясының 4-бабында Ата Заңның ең жоғары заң күші бар және рес­публиканың барлық аумақтарына тікелей қызмет етеді деп айқын жа­зылған. Басқа да шығарылып жат­қан нормативтік-құқықтық актілер, халықаралық келісім-шарттар елі­міздің ең басты құжатына қайшы келмеуі тиіс. Ал 74-баптың 1-тар­ма­ғында Қазақстан Конститу­ция­сына сәйкес емес деп танылған заң­дар мен халықаралық келісім-шарт­тарға қол қойылмайды делін­ген. Демек, Ата Заңымызда адам құ­қығы және бостандығының жо­ғары құндылығы құқықтық мем­лекеттің негізгі қағидасы ретінде реттеледі.     

 Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы саласындағы жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқығын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты механизмдер қарастырды.

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.

Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты.

Сот үш биліктің біреуі. Конституцияның 7-бөлігі соттар және сот төрелігіне қатысты, онда Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады және Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды делінген.

Біздің Конституциямыз мемлекеттік биліктің біртұтастығын бекіте отырып, оны шашыраңқы күйден, біртұтас, жұмылған жұдырықтай жүйеге айналдырды. Мемлекеттік билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтті. Ең бастысы, Ата Заңымыз Қазақстан мемлекеттігінің  нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берді.

Мемлекетіміздегі әр адам Ата Заңның шеңберінде өмір сүргенде ғана біз өзімізге тән ұлттық құқық­тық жүйемізді жетілдіретін бола­мыз. Сондықтан ең басты міндет заңды және жеке тұлғалардың, қоғамдық құрылымдар мен азамат­тардың Ата Заңға деген құрметін барынша дәріптеу болып табылады

Ата Заңымыз анық­тап берген демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеумет­тік мемлекетімізде татулық пен бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық, құт-береке болсын, көк байрағы­мыз ашық аспан астында желбірей берсін. Мемлекетіміз бен қоғам тұрақтылығының, болашаққа деген сенім мен халқымыздың ауқатты тұрмысының, лайықты өмірінің кепілі-Ата Заңымыздың мерейі әрдайым үстем болсын!

Г.ЧИНГИСОВ,

Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының төрағасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!