Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Қоғамдық көлікте біреуді балағаттағандар қанша айыппұл төлейтінін білесіз бе? Massaget.kz тілшісі анықтады.
Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабына («Ұсақ бұзақылық») сәйкес қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға не 5-15 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Яғни қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК, 78 640 теңге айыппұл салынады.
Ал мұғалімді немесе дәрігерді балағаттаса, онда 10 АЕК, яғни 39 320 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!