Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Заңгер Ғабит Өмірбек baribar.kz тілшісіне берген сұхбатында егер біреу қызметін асыра пайдаланып, пара сұраған жағдайда не істеу керегін айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Маманның айтуынша, сізден пара немесе қызметі үшін сыйлық талап етсе, дереу ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 call-орталығына хабарласу керек. 

Азаматтардан келіп түсетін арыз-шағымдар мен ұсыныстарды департамент қызметкерлері толық қарастырып, әр азаматтың өтінішіне құлақ асады. Сыбайлас жемқорлыққа тап болған немесе мәжбүрлеген жағдайда call-орталыққа хабарласып, болған оқиғаны баяндап, шағымдануға мүмкіндігіңіз бар.

Шағым айтып, хабарласқандардың жеке бас мәліметін құпия сақтауға кепілдік беріледі. Тіпті пара сұрағаны туралы дереу хабарлап, арыз жазған адамдарға ұсынған ақшаның 30% көлемінде сыйақы беру де қарастырылған.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің құқығын бұзу, соның ішінде заңсыз тексерулер мен мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақша талап ету фактілері туралы да хабарлауға болатынын еске саламыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!