Конвенция – белгілі бір тәртіппен әрекет ету туралы елдер арасындағы келісім. Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы белгілі бір конвенцияны қабылдаған кезде, келісімді ратификациялаған мемлекеттер конвенцияны қабылдаған кезде, келісімді ратификациялаған мемлекеттер конвенцияны қабылдауға мәжбүр. Егер мемлекеттер конвенцияға қарсы шықса, онда БҰҰ-ның нақты шаралар қабылдауға құқығы бар. Халықаралық келісімдер-орындалуы міндетті, халықаралық қауымдастық мүшелерінің арасында, мейлі ол егеменді, мемлекеттер болсын немесе халықралық ұйымдар болсын кез келген келісім шартқа отыру. Халықаралық құқық халықаралық келісімдердің міндетті түрде жазбаша бекітілуін қарастырмайды. Бірақ қабылданған міндеттемелердің жазбаша түрде бекітілуі үрдіске айналған. Олардың жеке келісімдерін айырмашылығы олардың орындалу міндеттілігінде. Жеке келісім шарттар сотқа шағына алады. Ал халықаралық келісімдер ешқандай соттың құзырына кірмейді. Келісімдер негізгі төрт категорияға бөлінетінін атап айтқан жөн. Олар, келісімшарттар мен конвенциялар, үкіметаралық келісімдер, хаттамалар, халықаралық құжаттар.
Халықаралық келісім шарт құқығы халықаралық құқықтың негізі бір саласы болып табылады. Халықаралық шарт құқығы дегеніміз мемлекеттер мен халықаралық құқытың басқа да субъктілерінің арасындағы халықаралық шарттардың жасалуы, орындалуы және тоқтатылуы жөніндегі қатынастарды ретейтін халықаралық құқық нормалардың жиынтығынан тұратын халықаралық құқықтың бір саласы халықаралық келісімшарттың өздері болып табылады.
Халықаралық келісімшарт дегеніміз жазбаша түрде жасалатын мемлекеттердің немесе халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің өзара құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы, өзгерілуі және тоқтатылуы мәселелерін реттейтін 2 немесе оданда көп халықаралық құқықтың субъектісі арасындағы келісім.
Халықаралық келісімшарттың мәтінінің астында мүделлі тараптардың қолдары мен мөрлері қойылған, біріңғай келісілген ресми құжат болып табылады.
Халықаралық келісімшарт құқығының қайнар көздері
1. 1969 жылғы халықаралық келісімшарт құқығы туралы Вена конвенциясы. Келісім шарттың түсінігі, түрлері, оны жасау мақсаттары мен тараптардың өзара міндеттерін, келісімшарттың жасау тәртібін орындау және күшін тоқтату мәселелерін реттейді.
2. 1978 жылғы мемлекеттің келісімшарты бойынша мемлекеттің құқық сабақтастығын реттейтін конвенция. Мемлекеттің келісімшарттарды орындау жөніндегі құқық сабақтастық мәселелерін реттейді.
3. 1986 жылғы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар жасау мәселелері жөніндегі конвенция әр мемлекет халықаралық келісім шарттарды жасау мәселелері жөніндегі конвенция. Әр мемлекет халықаралық келісімшарттардың нормаларын өз территориясында қолдану тәртібін конституциясымен заңдарда бекітеді. Осы мәселе бойынша 1995 жылы 12 желтоқсанда халықаралық келісім шарттарды жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар Жарлығы қабылданған.
А.КҮНШЫҒАРОВА,
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының
сот әкімшісі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!