Фото: ашық дереккөзден
Елімізде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап апелляциялық және қайта қараудың бірыңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот құрылады деп жоспарлануда. Яғни, үш кассациялық: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша соттың құрылу моделі басымдық ретінде айқындалмақ. Ал, Жоғарғы сот органы қадағалауды және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстайтын болады.
Кассациялық сотқа істер алдын ала қараусыз үш судьядан тұратын алқаға тікелей түсетін болады
Тәуелсіз кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша тек Астанада ғана құрылады. Кассациялық сотқа, аппеляциядан әділдік таппағандар шағымдана алады.
Жаңа заң қабылданса, Жоғарғы соттың рөлі өзгереді. Еліміздегі білікті заңгерлердің өзі, бұл жүйе заңға енгізілсе қарапайым халық үшін тиімді тұстары өте көп болмақ.
Әкімшілік істерге экстерриториялдық соттылық енгізіледі. Аты айтып тұрғандай, экс-аумақтық. Бұл дегеніміз – істі өзге өңірдің соты қарайды. Мысалы, Астана сотында қаралуы тиіс әкімшілік іс басқа қаланың сот қарауына жіберіледі.
Экс ауматтық сот бұған дейін азаматтық істе болған. Енді әкімшілік істе де енгізіледі. Сот жүйесіне мұндай жаңашылдықты енгізу халық үшін тиімділігі зор. Себебі, әкімдікпен соттасатын қарапайым тұрғындардың құқығын қорғауға тағы да септігін тигізеді. Тараптар, шағымданушы сот пен жергілікті биліктің арасында ымыраластық бар деп күдіктенсе, істі басқа қаланың сотының қарауына жібере алады. Аймақты арнайы жүйе автоматты түрде өзі таңдайды.
А.Ысқақова
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман – сот отырысының хатшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!