Фото: egemen.kz

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты 2025 жылдың 12 айында өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізді.

Есепті кезеңде сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің едәуір саны келіп түсті. Олардың басым бөлігін жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, сондай-ақ әкімшілікталаптарды бұзу санатындағы істер құрады. Барлық іс уақытылы, жан-жақты және объективті қаралып, заңталаптарына сай шешімдер қабылданды.

Істердің жалпы көрсеткіштері тоқтала кетсек: Есепті кезеңде сот өндірісіне барлығы 10 617 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс келіп түсті. Оның ішінде 10 565 іс қаралып аяқталды, 52 іс келесі есептік кезеңге қалдырылды.

Қаралған істердің санаттар бойынша бөлінісі төмендегідей:
• әкімшілік айыппұл салынған істер саны – 4200 іс;
• әкімшілік қамауға алу қолданылған істер – 2499 іс;
• арнайы құқықтан айыру түріндегі жаза қолданылған істер – 276 іс;
• іс жүргізу қысқартылған істер – 2572.
• әкімшілік талаптарды орындамау және өзге де құқықбұзушылықтар – 341 іс.

• ескерту – 713 іс.

Істердің 100%-ы заңда белгіленген мерзімде қаралды. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тараптардың процессуалдық құқықтары толық сақталып, әрбір іске жан-жақты және объективті баға берілді.

Сот төрелігін жүзеге асыру барысында соттың басты назарында істерді сапалы әрі мерзімінде қарау, процессуалдық құқықтардың сақталуы, сондай-ақ әкімшілік жазалардың әділ әрі заңды қолданылуы болды. Бұл бағытта сот тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың себептері мен жағдайларын анықтауға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, сот ұжымы құқықтық мәдениетті арттыру және әкімшілік заңнаманы түсіндіру мақсатында профилактикалық және ақпараттық іс-шараларға белсенді қатысты.

Алдағы кезеңде Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты сот төрелігінің сапасын одан әрі арттыруға, азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғанжұмыстарды жалғастырады.

Шәмшиев Р.,

Қызылорда қаласының әкімшілік  құқық бұзушылықтар жөніндегі  мамандандырылған сотының  төрағасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!