Фото: видеодан скриншот

Қызылорда облыстық сотында болған аппеляциялық отырыста тергеу соты Сандуғаш Тұрлыбековны үй қамаққа ауыстырды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған видеодан белгілі болды. Видеодан 13 наурызда сот ғимараты алдында қоғам белсендісі мен оның жақындарын байқауға болады.

Еске салайық, бұған дейін Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деп атаған көпбалалы жалғызбасты ана, белсенді 40 жастағы Сандуғаш Тұрлыбекованың «екі адамды бопсалады» деген күдікпен ұсталғаны хабарланды. 

Оқиғаның мән-жайына байланысты Жаңақорған аудандық полиция бөлімі түсінік берген еді.

Кейін оның балалары видеоүндеу жариялап, Президенттен көмек сұраған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!