Фото: gov.kz

Республикалық судьялары одағының IX сьезіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Онлайн режимде өткен форумға 400-ге жуық делегат пен мейман қатысты. Олардың қатарында судьялар, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, заң қауымдастығының, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері бар.

Форум жұмысын Жоғарғы Сот Төрағасы ашты. Ол заң жобаларының әзірленгені, өзекті мәселелер бойынша іске асырылған жедел шараларды, жаңа судьяларды іріктеу және қызметтегі судьяларды бағалау, соттардың қорытынды шешімдерінің жаңа форматы және оларды түсіндіру, пандемия кезіндегі фронт-офистер мен соттардың жұмысын атап өтті.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру туралы айта  келе, спикер соттар жұмысындағы негізгі бағыттарға-қоғаммен кері  байланысты дамытуға, айыптау үкіміне, жаңа судьяларды жария іріктеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тоқталып өтті.

Форум делегаттары Тексеру комсиссиясының есебін тыңдап, Судьялар одағы Орталық кеңесінің жаңа құрамын  сайлады. Жұмыс қорытындысы бойынша сьезд қаулысы қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін сегіз сьезд өтті ( біріншісі 1996 жылы болды). Съезд төрт жылда бір рет өтеді және оның сот жүйесін дамытудағы стратегиялық маңызы зор. Олардың әрқайсысында соттарды дамытудың  қорытындысы шығарылады және  өзекті міндеттер бойынша шешімдер қабылданады.

Ендігі сөз кезегін Республикалық судьялар Одағының IX сьезінде сот мәртебесі жайлы айтылған мәселелерге берелік.

Еліміз жүріп өткен ширек ғасырдың бастауында 1991 жылы 16 желтоқсан күні қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»  Конституциялық Заңы тұрғаны анық. Бұл маңызды құжат еліміздің демократиялық, зайырлы және құқықтық  мемлекет құруына жол ашты. Ол кезде  көптеген  мәселелер  шешімін  таба  алмай  жатты. Қазақстанда  демократия, нарықтық экономика, ізгілік және әлеуметтік әділеттілік  қағидаларына негізделген мүлде жаңа құқықтық жүйе құру үшін терең  кешенді және жүйелі реформаларды жүзеге асыру қажет еді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылдың ақпан айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік  бағдарламасы туралы» Қаулысы сот  жүйесін дамытудың басым бағыттарын айқындаған тарихи маңызы зор құжат болды.Сот құрылымы және сот ісін жүргізуді қайта құру, материалдық-процестік заңнаманы түбегейлі өзгерту  бағытындағы күрделі жұмыс осылай басталды.

Қазақстандық сот төрелігінің  тәуелсіздігі 1995 жылдың 30тамызында бүкілхалықтық референдумда қабылданған еліміздің Ата Заңында бекітілді.

Конституцияға Жоғарғы Сот және жергілікті соттардың барлық судьяларын Президенттің тағайындауы туралы бап енгізіліп, Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы құрылды.

1995 жылы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы»Конституциялық заңмен соттар  қызметінің  негізгі  бағыттарын айқындалып, тұңғыш рет «сот билігі» деген жаңа термин енгізілді. Сот жүйесінің реформалаудың осы кезеңінде бұл бастамалар мемлекет пен қоғам өмірінде соттың рөлін жоғарылатуға, оның беделін көтеруге мүмкіндік туғызды, судьялардың  құқықтық қорғалуы айтарлықтай нығайды. Ел тұрғындары өз мүдделерін және барлық дерлік дауларды сот алдында шешу мүмкіндігіне ие болды.

Тәуелсіздік жылдарында сот ғимараттарының материалдық-техникалық базасы жақсарды.Сот бақылауын кеңейтуге қатысты бірқатар програссивті нормалар бекітілді. Судьялар тұңғыш рет пленарлық отырысты дауыс беру жолымен судья лауызына үміткерлерді іріктеу әрі оларды ашық байқау арқылы таңдау, міндетті түрде тағылымдамадан өту талабы енгізілді. Бұл шаралар сот жүйесінің кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Ауыр қылмыстық істерге үкім шығаратын мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, әскери, қылмыстық, кәмелетке толмағандар істері бойынша соттар құрылды.

Сондай ақ, біздіңғ еліміз ТМД елдері арасында алғашқылардың  бірі болып алқабилер институтын енгізгнін, қамауға алуды санкциялау соттың құзырына берілгенін де айтып өткен жөн.

Мемлекет басшысы өз қызметінде сот жүйесін дамытуға ерекше басымдық беріп отыр. Елбасының тапсырмасымен 2011 жылы сот істерін уақытылы  қарау және санын азайту мақсатында дауларды шешудің баламалы тәсілі- жаңа медиация институты енгізілді.

Заманауи ақпараттық техноголиялар сот жүйесінің жұмысына жаңа серпін берері сөзсіз. Сондықтан Жоғарғы Соттың IX сьезінде енгізген жаңа авторлық жоба- бірегей автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы еліміздің барлық соттарында сот істерінің бірыңғай есебі мен мониторингі жүргізіледі.

Бұдан кейін одан әрі жетілдірілген «Төрелік» атты заманауи бағдарлама  енгізілді. Сонымен қатар, түрлі деңгейдегі соттарды Жоғарғы Сотпен байланыстыруға жол ашқан бейнеконференция бағдарламасының тиімді  тұстары да мол. Қазақстан Респуликасы сот жүйесінің орталықтандырылған көпсалалы қолжетімді интернет-ресурсы да бүгінгі заманның талап үдесіне сай келеді. Осындай нәтежелі реформалар 2011 жылы Қазақстан Судьялар одағының халықаралық судьялар қауымдастығы сияқты беделді ұйымға толыққанды мүше болуына жол ашты.

Мемлекет басшысы «100 нақы адам»Ұлт жоспарында сот жүйесін одан әрі жаңғырту, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сот билігінің бәсекеге қабілеттілігін, беделін және тиімділігін арттыру секілді жаңа міндеттерін қойды.»Заң үстемдігі» бағытындағы тапсырмалар мерзімінде және  сапалы деңгейде жүзеге асырылады.

Азаматтық ширек ғасыры ішінде Қылмыстық, Қылмыстық  процестік, Қылмыстық атқарушылық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстер жаңартылды. Заңнаманы одан әрі ізгілендіру жалғасын тауып жатыр.Бүгінгі таңда екінің бірі судья бола алмайды. Қара қылды қақ жарып, әділ шешім айтудың жауапкершілігі зор.

Сондықтан, судьяларың IX сьезінде судья лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар күшейтілді, олардың жас шегі  ұзартылып отыр. Бұған қоса, бесжылдық еңбек өтілінің болуы міндетті әрі жаңа сайланған судьяларға біржылдық  сынық мерзімі енгізілді. Осылайша, үміткер заң үстемдігін қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқықтары, бостандықтарымен заң мүдделерін қорғаудағы өзінің маңызды рөлін сот төрелігін жүргізуді бастағанға  дейін  толық  түсінуі тиіс.

Ресми сайтымызда ашылған «Сот кабинеті « қызметін  отандық және шетелдік заңгерлер, ел тұрғындары жоғары бағалап отыр. Осы қызмет түрі арқылы  сотқа өтініш, шағым және басқа құжаттарды тәулік бойы үйден шықпай-ақ жіберуге болады. Ол үшін компютер, электронды сандық қолтаңба және интернет болса жеткілікті.Ал қызметті пайдаланушы өз ісі бойынша процестік мерзімді бақылап, шығарылған барлық сот актілерін кез келген уақытта көріп, басып шығара алады.

Бұған  қосымша «Сот процесіне қатысушыларды СМС-хабарламалар және электронды пошта арқылы хабарландыру», «Сот құжаттарымен таныстыру», «Сот істерін қарау кестесі», «Сотқа шақыру» сияқты қызмет түрлерін  бірегей 1401 нөмері арқылы Саll-орталығы ұсынады.

Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс IX сьезі сот жүйесін одан әрі жетілдіруге жаңа серпін берері анық. Ал бұл жиынға Мемлекет басшысының  қатысуы сьездің маңызын одан бетер арттыра түседі.

Президенттің әр сьезде сөйлеген сөздері сот жүйесінің тиімділігін, сот шешімдерінің әділеттілігін, судьялардың қоғам алдандағы жауапкершілігін күшейтеді. Өткен алты сьездің барлығында да қоғамның соттарға сенімін арттыру, олардың кәсібилігін, тәуелсіздігін, әділдігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

1996 жылы өткен алғашқы сбезде Мемлекет басшысы судьяларды елде жүргізіп жатқан реформалардың байыбын жете ұғынып, барынша қолдау көрсетуге шақырған еді. Мәселен, соттар бұған дейін азаматтарды жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін қатаң қылмыстық жазаға тартып келсе, енді оларға мемлекет тарапынан қолдау күшейді. Сондақ ақ, алғашқы судьялар сьезінде Судья әдебінің кодексі қабылданып, Қазақстан Респуликасы судьяларының одағы құрылған  болатын.

Жүріп  өткен жолды ой елегінен өткізсек, Мемлекет  басшысының озық идеялары мен жан жақты қолдауы сот д-жүйесіндегі реформалардың табысты жүзеге асуының кепіліне айналып отырғанына көз жеткіземіз.

Судьялардың IX сьезінде Әдеп кодексі қабылданды. Фемида қызметкерлерінің моральдық-адамгершілік бейнесіне әрдайым жоғары талап қойылады. Сондықтан бұл жоба Қазақстан Республикасының Конституциясына «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» заңға, адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясына, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық фактқа, судьялар мінез-құлқының Бангалор қағидалары деп аталатын халықаралық стандарттарына сәйкес жасалды.

Сот жүйесіндегі реформалардың жетістіктері, ауқымдылығы мен қарқыны жөнінен посткеңестік кеңістікте Қазақстанға теңдесер ел жоқ. Дер кезінде жүргізіліп жатқан маңызды реформалардың нәтежесінде жалпы  құқық тәртібі жүйесі жақсарып, сот төрелігі бұрыншыдан да ашық, әділ, жедел және қолжетімді болары сөзсіз.

Бұл жайында сот жүйесіне Қазақстан  Республикасы Судьялар Одағының IX сьезінде нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Өздеріңізге мәлім, әрбір төрт жыл сайын ҚР Судьялар Одағының кезекті сьездері өткізіліп отырады. Онда сот құрылымы және сот ісін жүргізу материалдық-техникалық базаны нығайту еліміздің барлық соттарында сот істерінің  бірыңғай  есебі мен мониторингісін жүргізу, сот билигінің бәсекеге қабилеттілігін, беделін және білімділігін арттыру  тағы басқа да өзекті мәселелер қозғалады.

Осылайша азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғау барысында соттар жүйесіне нақты тапсырмалар берілді.

Б.Пазылов

Жаңақорған аудандың сотының судьясы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!