Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Антикор мәліметінше, 17 қаңтарында Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахманов пен басқа да адамдарға қатысты үкім шықты. Судьяның заңсыз қызметін бұған дейін cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы Сотпен бірлесіп тоқтатқан.
«А.Абдрахманов Қарасай ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының өндіріп алу бөлімінің басшысы А.Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ны банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды», – делінген хабарламада.
Қонаев қалалық сотымен А.Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал А.Асилбековке 122,5 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сонымен бірге пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге сотталды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!