Фото сюжет кадрларынан скринделген
Елімізде көптеген қылмыс беттері желіде тараған видео, аудио жазбалардың арқасында ашылып жатыр. Осы тұста қазақстандық заңгер Бағдат Амандосұлы қандай жағдайда тұлғалардың рұқсатынсыз оларды түсіріп желіге салуға болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бағдат Амандосұлы Азаматтық кодекстің 145-бабында адамның бейнесіне қатысты құқығы нақты жазылғанын айтады. Мұнда кез келген адамды видеоға немесе фотоға түсіріп оның келісімінсіз салуға қатаң тыйым салынған екен. Ал егер адам өмірден өткен болса, оның отбасынан мұрагерлерінен рұқсат алу керек екен. Дегенмен құқық бұзылған жағдайда видео фотолар айғақ болуы да мүмкін екенін алға тартты.
“Егер бейнежазбадағы тұлға сіздің азаматтық, конституциялық, қылмыстық, әкімшілік құқықтарыңызды бұзатын болса, сіз оны бейнежазбаңызға түсіріп бекітіп алсаңыз болады. Кейін оны әлеуметтік желіге таратсаңыз онда тұрған ештеңе жоқ. Ал бейнежазбадағы тұлға өзінің кінәсіздігін дәлелдеп шыққан жағдайда әлеуметтік желіде таратқан тұлғаны азаматтық түрде сотқа береді. Кейін оған желіде таратқан аудио, видео жазбаны өшіруді, міндеттеуді сұрайды және ол видеодағы ақпаратты теріске шығаруды, талап етеді. Өзіне келтірілген моралдық залалды өндіріп ала алады”, – деді заңгер.
Ал егер желіде рұқсатсыз видеоға түсіріп таратқанын көрсеңіз арыз жазып желіге жариялаған азаматты полиция арқылы табу қажет.
“Иә қазір телефонға түсірген өте дұрыс. Себебі кінәларын мойындамайтын неше түрлі адамдар бар. Телефоннан бөлек неше түрлі камералар да бар, оларды да бекер қойған жоқ”, “Біреудің айыбын жария ету дұрыс емес”, “Желіге салуды айта алмаймын, алайда дәлел ретінде түсріп жүрген жөн. Себебі бізді заңымыз солай шектеп тастаған”, – деді тұрғындар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!