Фото: BAQ.KZ – архив
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жалған ақпарат таратқандарға жаза қатаң екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат таратқандарға үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, ресми ақпарат көздерінен ғана ақпарат сұраймыз, – деп түсіндірді ШҚО ПД.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!