Фото: ernur.kz
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 168-бабында уәкілетті органның аумақтық органының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі құзыреті, ал 169-бабында жеке сот орындаушысының қызметін бақылау жасау тәртібі көзделген.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы №171 бұйрығымен бекітілген «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидасында» жеке сот орындаушыларының қызметіне жоспарлы және жоспардан тыс бақылау көрсетілген.
Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы нысан бойынша жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылаудың бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Аумақтық әділет органы жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылаудың бекітілген кестесін тиісті жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетте органға жолдайды.
Жеке сот орындаушыларының қызметін жоспарлы бақылаудың нысанасы:
– атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеру;
– жеке сот орындаушысының іс жүргізуге қойылатын талаптарды сақтауын тексеру;
- жеке сот орындаушысы архивінің жағдайын тексеру;
– жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды сақтауын тексеру болып табылады.
Ал, жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау оған қатысты шағымдар, өтініштер не атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру кезінде жасаған заңдылықты бұзу фактілері туралы ақпарат түскен кезде жүргізіледі.
Шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат уәкілетті органға немесе аумақтық әділет органына түскен кезде жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау тиісті әділет органының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен тағайындалады.
Шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат Жеке сот орындаушыларының республикалық немесе өңірлік палатасына түскен кезде жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау жеке сот орындаушыларының тиісті палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен тағайындалады.
Тиісті әділет органының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін аумақтық органның қызметкері (лері) қажет болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері (лерінің) қатысуымен тағайындалады.
Республикалық немесе өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін жеке сот орындаушылары палатасының қызметкері (лері) тағайындалады.
Жоспардан тыс бақылаудың мәні келіп түскен шағымның, өтініштің, хабардың және атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру кезінде жасаған заңдылықты бұзу фактілері туралы ақпараттың шеңберінде атқарушылық іс жүргізу материалдарын және жеке сот орындаушысының әрекеттерін зерделеу және тексеру болып табылады.
Бұл ретте жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны туралы күшіне енген сот актісі болған жағдайда жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау жүргізілмейді.
Ж.Нағашыбай,
Қызылорда облысы Әділет Департаменінің
бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!